Абай облысы Бесқарағай колледжінде ауыл шаруашылығы бағытындағы студенттер арасында «AgroSkills Abai – 2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Ашылу салтанатына Абай облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауржан Туленов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионатқа облыстағы ауыл колледждерінен келген 18 студент, сарапшылар және оқу орындарының өкілдері қатысты.
Байқау жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар үш құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Студенттердің кәсіби шеберлігін 18-ден астам тәуелсіз сарапшы бағалады.
Чемпионат нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталды:
«Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу шебері» құзыреттілігі:
І орын – Данил Шкред (Бесқарағай колледжі)
ІІ орын – Ринат Жакупов (Үржар колледжі)
ІІІ орын – Арман Мейрамғалиұлы (Абай колледжі), Андрей Алексеев (Бородулиха колледжі)
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі:
І орын – Никита Крисман (Бесқарағай колледжі)
ІІ орын – Сергей Изотов (Үржар колледжі)
ІІІ орын – Бек Ануарұлы (Ақсуат колледжі), Омар Жақсылық (Жарма технология колледжі)
«Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану» құзыреттілігі:
І орын – Мади Мұхтарұлы (Жарма технология колледжі)
ІІ орын – Ернұр Серіков (Ақсуат колледжі)
ІІІ орын – Данил Забара (Бесқарағай колледжі), Максим Минаев (Бородулиха колледжі)
Чемпионаттың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен сарапшыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.