Семейде жаңа өрт сөндіру депосы салынып жатыр

Семейде жаңа өрт сөндіру депосы салынып жатыр

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов Семейдегі жаңа өрт сөндіру депосының құрылыс алаңында болды.

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, өзекті мәселелерді талқылады.

6 техникаға арналған жаңа өрт сөндіру депосы қаланың сол жағалауында орналасады. Жалпы жер аумағы – 0,82 гектар.

Жаңа нысан заманауи инфрақұрылыммен қатар, қаланың қауіпсіздігі мен төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. 389 КАМАЗ көлігімен 5 мың тоннадан астам топырақ тасымалданып, іргетас құю және дәнекерлеу жұмыстары басталды.