Меню

Страницы

Статья

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

 

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру қағидаларында оператордың балалардың сабаққа нақты қатысуын тексеру тетігінің болмауы, жалған табельдер арқылы бюджет қаражатының негізсіз төлену тәуекелі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне №122 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдау, Face ID және QR-код арқылы қатысуды тіркеу тетігін енгізу, оператордың бақылау өкілеттігін күшейту.

ҚР МАМ-ға ұсыныс хат жолдау және НҚА-ға өзгерістер енгізу.

 

Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны

2

Қызмет көрсетушінің мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысу туралы өтініште көрсеткен мекенжайы мен сабақтардың нақты өткізілетін орнының сәйкес келмеуі.

Қызмет көрсету мекенжайын міндетті түрде растау және тұрақты мониторинг жүргізу, анықталған бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын енгізу.

НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс және мониторинг тәртібін күшейту.

 

Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны

3

Қызмет көрсетушілердің кінәсінен ваучерлердің заңсыз архивтелуі немесе жойылуы салдарынан балалардың тегін қызмет алу құқығының бұзылу тәуекелі.

Архивтелген ваучерлерді қалпына келтіру тетігін көздеу және ақпараттық жүйеде қайта белсендіру мүмкіндігін енгізу.

НҚА әзірлеушісіне ұсыныс енгізу.

 

Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны

4

Мемориалдық тақталарды орнату және күтіп-ұстау тәртібінің заңнамалық деңгейде нақты регламенттелмеуі, заңсыз орнатылған мемориалдық тақталар үшін жауапкершіліктің болмауы.

Мемориалдық тақталарды орнату және күтіп-ұстау қағидаларын қайта қарау, бағалау өлшемшарттарын белгілеу және заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу туралы ұсыныс жолдау.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс хат жолдау.

 

Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны

 

Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
18 августа 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Облыстық сайлау комиссиясында саяси партиялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы