* 31 аурухана,
* 21 емхана,
* 1 мемлекеттік медициналық колледж,
* 86 дәрігерлік амбулатория,
* 30 фельдшерлік-акушерлік пункт,
* 104 медициналық пункт,
* 6 өзге медициналық ұйым.
«Тіркелген халық регистрі» ақпараттық жүйесінің (РПН АЖ) 2025 жылғы деректері бойынша Абай облысында тіркелген халық саны 615 361 адамды құрады, бұл соңғы үш жылда 2,05%-ға төмендеген. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың соңында қала халқының саны 595 676 адамды құрайды.
Жүргізілген кешенді іс-шаралардың арқасында 100 мың тұрғынға шаққандағы негізгі денсаулық көрсеткіштері жақсарды.
Халықтың бастапқы аурушаңдық көрсеткіші 16%-ға төмендеп, республикалық орташа деңгейден төмен болды.
Соңғы үш жылдың 12 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша:
қан айналымы жүйесі аурулары 2023 жылдан бері 8,2%-ға төмендеді, қатерлі ісіктер 7,1%-ға азайды, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары соңғы үш жылда 8%-ға төмен, қант диабеті 2025 жылы 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеу үрдісінде, ал соңғы үш жылда 17%-ға азайды. Туберкулезбен сырқаттанушылық тиімді профилактикалық шаралардың арқасында 13,5%-ға төмендеді. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 3,3%-ға, ал қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,3%-ға азайды.
Кадрлық саясат
Барлығы 11 275 медициналық қызметкер, оның ішінде 1 758 дәрігер және 5 255 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. 2025 жылы 99 түлек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 76-сы – 2025 жылғы түлектер. Дәрігерлермен қамтылу деңгейі 85%, орта буын медицина қызметкерлерімен – 90%.
Дәрігер мамандықтарына қажеттілік 51,25 штаттық бірлікті құрайды (2024 ж. – 59,50), орта буын қызметкерлері – 31,25 (2024 ж. – 22,50), кіші медицина қызметкерлері – 10,25 (2024 ж. – 21,25).
Дәрілік қамтамасыз ету
Барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелерде (МИС) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде (ҚР ДСМ АЖ) жұмыс істейді.
Консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін барлық ұйымдарда 2025 жылдың басынан бастап пациенттерді сәйкестендіру үшін Face ID жүйесі енгізілді. Бұл медициналық қызметтерді алу кезінде қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Face ID технологиясы арқылы пациенттерді сәйкестендіру барлық медициналық ұйымдардың 100%-ын қамтиды.
Бірқатар медициналық анықтамалар толықтай электрондық форматқа көшірілді, бұл анықтамаларды алу және деректерді сақтау процесін пациенттер мен медициналық ұйымдар үшін едәуір жеңілдетті. Олардың қатарына: медициналық анықтама, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, дәрігерлік комиссия қорытындысы, санаторий-курорттық карта, баланың денсаулық паспорты, жеке медициналық кітапша, сондай-ақ анықтамалар: уақытша еңбекке жарамсыздық туралы, көлік құралдарын басқаруға рұқсат алу үшін, қару алуға рұқсат алу үшін.
Медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – МИС) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) жұмыс істейді.
2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Абай облысында жасанды интеллектіні қолдана отырып радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру жобасы іске асырылуда.
«Ақгюн» жүйесі құрамына PACS «Ақгюн», сүт безі обырын машиналық анықтау жүйесі (x-Eye Mammo), өкпе обырын анықтау жүйесі (x-Eye Toraks), COVID-пневмонияны анықтау жүйесі (x-Eye COVID) кіреді.
«Ақгюн» ақпараттық жүйесі сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізілімінде тіркелген және медициналық бұйым ретінде тіркеу куәлігіне ие.
Пациенттер бойынша жүргізілген зерттеулердің жалпы саны ішінде:
Рентгенологиялық зерттеулер – 24 911 (жалпы санының 66,14%)
Компьютерлік томография – 3 076 (жалпы санының 7,55%)
Маммография – 9 460 (жалпы санының 26,31%)
Жасанды интеллектіні қолдану арқылы өңделген суреттер саны:
ЖИ арқылы өңделген суреттердің жалпы саны – 28 002, оның ішінде:
* Өкпе обырын анықтау жүйесі (x-Eye Toraks) – 19 410 (68,41%) пациент
* Сүт безі обырын анықтау жүйесі (x-Eye Mammo) – 8 592 (31,59%) пациент
Осы кезеңде барлығы 8 592 маммографиялық скринингтік зерттеу жүргізілді. Екінші оқылым нәтижелері бойынша Bi-RADS шкаласына сәйкес:
M1 – 1 045 (өзгерістер анықталған жоқ)
M2 – 6 358 (қатерсіз өзгерістер)
M3 – 1 160 (қатерсіз болуы ықтимал өзгерістер)
M4 – 76 (күдікті өзгерістер)
M5 – 2 (қатерлі өзгерістерге жоғары күдік)
Абай облысында «Үржар ауданы, Үржар ауылы әуежайының терминалын реконструкциялау» жобасы әзірленді. Жобалық құжаттаманы «СемейплатинскГражданПроект» ЖШС әзірледі және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға дайындық жұмыстары заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуде.
Үржар ауылының әуежайы тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етеді. «Семей – Үржар – Семей» бағыты бойынша рейстерді «Оңтүстік аспан» әуекомпаниясы Ан-24 әуе кемесімен орындайды: рейстер аптасына 2 рет тұрақты негізде орындалады, ал жазғы туристік маусымда – аптасына 5 рейске дейін артады.
Жазғы кезеңде қосымша әуе рейстері ұйымдастырылады:
- «Астана – Үржар – Астана» – аптасына 7 рейс, тасымалдаушы – «Qazaq Air» әуекомпаниясы;
- «Алматы – Үржар – Алматы» – аптасына 7 рейс, тасымалдаушы – «SCAT» әуекомпаниясы.
Терминалды реконструкциялау жобасын іске асыру жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға және Абай облысының туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 180 діни бірлестік бар (Анықтама: 146 – исламдық, 12 - православиелік, 5 - католиктік, 17 - протестанттық).
Өңірде 180 діни ғимарат бар (Анықтама: 146 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі, 2 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі).
Басқарманың қарамағында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бар. Онда теологтар, дінтанушылар, писхологтар және заңгерлер жұмыс істейді. Орталық қызметінің негізгі мақсаты облыстағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, интернет-кеңістікті мониторингілеу, деструктивті контентті бұғаттау, радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, діни бірлестіктермен жұмыс істеу.
ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Басқарма деструктивті діни ағым жақтастарын радикалсыздандыру және оңалту бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ
026 жылдың басынан бастап өңірде экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру және қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 2954 материал жарияланды. Интернет кеңістігін тұрақты мониторингілеу барысында деструктивті сипаттағы 68 материал (сілтеме) анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілді. «Контр» АЖ 41 түрлі форматтағы материал (24 бейнеролик, 9 инфографика, 8 мәтіндік мақала) жолданып, оның ішінде 20 материал мақұлданып. Мақалалар өңірлік жаңалықтар порталы мен баспасөз газеттерінде жарияланды (Abaidan.kz, Abaylife.kz, 018.kz, Cемей вести, Семей таңы газеттерінде). Ақпараттық-насихат бағытында жалпы саны 2000 дана үлестірме материалдар (жадынамалар, буклеттер, ақпараттық парақшалар) таратылды. Басқарма тарапынан діни әдебиеттерді рұқсатсыз таратудың заңсыз екендігін, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салынғандығын түсіндіретін, сондай-ақ «Қазақ қызының ұлттық киімі» тақырыбындағы анимациялық бейнероликтер дайындалып, өңірлік әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды. Аталған бейнематериалдар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және дәстүрлі мәдениетті насихаттауға бағытталды.
Мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 197 адам бар 13 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтары мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары кешендi жұмыстарды жүргізуде.
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы нәтижесінде 2026 жылдың І тоқсанында әр түрлі форматтағы 2408 іс-шара өткізіліп, оған 39749 адам қамтылды.
ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
2026 жылғы 31 қаңтарда Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен шаңғы жарысынан облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 200 спортшы қатысты. Жарысқа Курчатов қаласы мен Бородулиха ауданынан келген спортшылар қатысты. Сонымен қатар өңірдің діни бірлестіктері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенділік танытты. Аталған іс-шара әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, тұрғындар тарапынан оң пікірлерге ие болды. . Өңірдің белсенді жастарының қатысуымен «Жастар – экстремизмге қарсы» акциясы өткізілді. Акция барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар арасында зайырлы құндылықтарды насихаттау, радикалды идеологиялардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында үндеулер айтылды.
Семей қаласының Чернышевский ат. жалпы білім беретін орта мектебінде оқушылар арасында «Біз – терроризмге қарсымыз» атты суреттер конкурсы өткізіліп, бейнеролик әзірленіп, жарияланды. Байқау барысында оқушылар өз шығармашылық жұмыстарында бейбіт өмірдің маңыздылығын, достық пен келісім идеясын және зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарастарын бейнеледі.
Басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығында жаңадан ашылған подкаст студиясында Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілі, «Психея» орталығының директоры, практик-психолог С. Новикова, тарих ғылымдарының кандидаты А. Рахметуллин сарапшылар ретінде, сондай-ақ Қазақстан барысы Мұхит Тұсынов, әлем чемпионы В. Чебордаковты, PowerSlap чемпионы З. Найманбаевты және Түркістан облысының теологы М. Медетті арнайы шақырылып, «Кибертерроризммен күрес», «Жастар арасында діни радикализмнің алдын алу шаралары» және «Спорт – қауіпті идеологияларға қарсы иммунитет» тақырыптарында сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат барысында интернет кеңістігіндегі экстремистік идеологиялардың таралу жолдары, киберқатерлердің алдын алу тетіктері, сондай-ақ жастардың радикалды ағымдардың ықпалына түсу себептері, дін мен дәстүрдің байланысы және жастарды спортқа баулу мәселелері жан-жақты талқыланды. Мамандар тарапынан профилактикалық жұмыстарды күшейту, ақпараттық-түсіндіру шараларын жүйелі түрде жүргізу, сондай-ақ ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын арттыру қажеттігі атап өтілді.Алдағы уақытта подкаст алаңында өңірдің танымал тұлғаларымен және түрлі сала сарапшыларымен мазмұнды сұхбаттар ұйымдастыру жалғасады. Бұл бастама қоғам арасында діни сауаттылықты арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Arnapress подкастына және жергілікті «Радио 7» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында деструктивті ұйымдар мен радикалды қозғалыстардың арбауына қалай түспеу керектігі, олардың қандай әдістерді қолданатыны, көбіне кімдер олардың құрбаны болатыны және қандай жағдайларда сақ болу қажеттігі талқыланды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу»;
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешім беру»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін
айқындау туралы шешім беру»;
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасуын келісу туралы шешім беру»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін
айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
Абай облысы бойынша 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау туралы:

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!(аудио5)
Дауыс беру тәртібі(аудио4)
Дауыс беруге арналған бюллетень(аудио3)
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізімге енгізу туралы(аудио2)
Референдум өтетін күн(аудио1)