2025 жылғы 26 сәуірде өткізілген экологиялық сенбіліктің қорытындылары туралы.

Жалпы, Абай облысы бойынша облыстың 35,8 мың тұрғыны қатысты. 1493 ұйым және 653 бірлік техника жұмылдырылды.

18,9 мың аула, 292 саябақ пен сквер, және 101 ескерткіштің аумағы тазартылды, 1129 шаршы метр төсеніш жөнделді және ауыстырылды.

Полигондарға 7,3 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

80 су айдыны тазартылып, 11 750 метр арық пен 24 субұрқақ тазаланды.

Елді мекендердің аумағында 13 872 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Облыстық басқармалар осы сенбілікте үйінділерге жиналған 1622 қап қоқыс пен 145,74 тонна түрлі қоқыс жинады (аумақтан сыпырылған қоқыс, ірі көлемді қалдықтар, құрғақ бұтақтар мен шөптер).

2025 жылғы 26 сәуірде өткізілген экологиялық сенбіліктің қорытындылары туралы.
Дата публикации
02 мая 2025