Ағымдағы 2024 жылы ведомствоаралық кіші топ 110 мың га жеткізілген жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарынан 107,3 мың га пайдаланылмайтын жер қайтарылды, жалпы ауданы 620,1 мың га 64 жер учаскесі анықталды.
Барлық анықталған фактілер бойынша материалдар кейіннен мемлекеттік меншікке қайтару үшін заңнамада көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне берілді.
Қайтарылған жер учаскелерін кейіннен жергілікті атқарушы органдар заңнамада көзделген тәртіппен, негізінен ауыл халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, өз малын жаю үшін жайылымдар беру жолымен қайта бөлетін болады.
Облыс бойынша 2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған 255,5 мың га жерлерден ауыл шаруашылығы мақсатында 73,5 мың га жер берілді.