2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев
Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы «___»________
№_____қаулысына
қосымша
2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі
|
р/с |
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы |
Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы |
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг |
|
1. |
Сүт |
Сары май |
91,0 |
|
2. |
Сүт |
Қатты ірімшік |
12,0 |