2025 жылғы 26 қазанда Абай облыстың 5 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 15 кандидаттан барлығы 15 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 15 кандидаттың 3 саяси партиялардан, 12 өзін-өзі ұсынған. Оның 9 ер адам, 6 әйел адам. Кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.
4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 11 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 39 жыл.
10 кандидаттың жоғары білімі, 4 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 10 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 1 - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 25 қазанда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер: