2024 жылғы 8 желтоқсанда Абай облыстың 5 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 17 кандидаттан барлығы 2 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 15 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 15 кандидаттың 3 саяси партиялар, 12 өзін-өзі ұсынған. Оның 14 ер адам, 1 әйел адам. Кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.
4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 11 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 39 жыл.
9 кандидаттың жоғары білімі, 6 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 9 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 6 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсанда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер:
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы