Абай облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы
2024 жылғы 8 желтоқсанда Абай облысында 5 сайлау округтарыңда (1 облыстық, 1 қалалық, 3 аудандық) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 17 - кандидат ұсынылды. Оның 3 - і саяси партиялар, 14 - і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 16 – ер адам және 1 – әйел адам.
4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 0 – партия қатарында жоқ, 13 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 40 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.
10 кандидаттың жоғары білімі, 7 – орта кәсіптік білімі және 0 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 10 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 7 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 0 - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 0 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 0 - зейнеткерлер, 0 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 15 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер:
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы