Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу мақсатында «Гүл шоқтарын қою» рәсімі өтті

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу мақсатында «Гүл шоқтарын қою» рәсімі өтті

Шара Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің, Көлік колледжінің студенттері, сондай-ақ дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Рәсім барысында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар мен ел үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.