
Кездесуге «Абай облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы» ММ басшысы Ақылбеков Ақылжан Акикатулы, Ауған соғысының ардагері Түктібаев Қуантай Ақылбаевич және «Абай қырандары» клубының жетекшісі Тусупов Серик Асаубаевич қатысты.
Шара барысында «Абай қырандары» клубының Өзбекстан Республикасының Чирчик қаласында өткен халықаралық «Vatanparvarlar» жарысында ел намысын абыроймен қорғап, жеңіспен оралғаны ерекше аталып өтті.
Сонымен қатар, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев аға буын өкілдері мен үздік әскери кафедра студенттеріне арнайы алғыс хаттар табыстап, жастарға елге қызмет ету жолында сәттілік тіледі.