
Футзал жастардың спортқа деген жоғары қызығушылығын айқын көрсетті. Спорттық сайыс барысында қатысушылар тек ойын шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық құндылықтарға деген көзқарастарын да білдіре білді. Турнир алаңы «Заң мен тәртіп», «Жастар терроризмге қарсы» секілді маңызды ұстанымдарды кеңінен насихаттайтын, жастардың азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігін айқындайтын мазмұнды платформаға айналды. Аталған спорттық іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында командалық рухты қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты арттыруға бағытталды. Жарыс қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасында І орынды Шәкәрім университетінің құрамасы иеленсе, ал кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында І орынды М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің құрамасы жеңіп алды.