Бесқарағай ауданының інжу-маржаны – Шипалы көлі жағалауын тазарту мақсатында «Таза жағалау» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Бесқарағай ауданының інжу-маржаны – Шипалы көлі жағалауын тазарту мақсатында «Таза жағалау» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Облысымыздың туристік әлеуеті жоғары нысандарының бірі – Шипалы көлінің жағалауында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Ауқымды шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өтіп, «Бесқарағай ауданының інжу-маржанын сақтайық» ұранымен жүзеге асты.

Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, қатарында жастар ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ауылдық округтердің тұрғындары мен еріктілер белсенді атсалысты.

Іс-шара барысында көл жағалауы тазартылып, 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.