"Constitution Talk: Жастар және құқық" тақырыбындағы дөңгелек үстел

"Constitution Talk: Жастар және құқық" тақырыбындағы дөңгелек үстел

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық сауаттылығын дамыту және азаматтық белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды.

Талқы алаңына өңірдегі белгілі сарапшылар шақырылып, олар Конституциялық құндылықтар, құқықтық мемлекет қағидаттары және жастардың қоғамдағы рөлі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар сайлау институтына деген сенім, электоралдық мәдениет, бақылаушы болу тәжірибесі және азаматтық ұстанымның маңыздылығы бойынша пікір алмасып, ашық диалог жүргізді.