«Конституциялық реформалар: жастар көзқарасы»

«Конституциялық реформалар: жастар көзқарасы»

Әлихан Бөкейхан Университетінде «Конституциялық реформалар: жастар көзқарасы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара барысында конституциялық реформалардың маңызы, олардың қоғам өміріндегі рөлі жастардың пікірі негізінде жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында спикерлер ретінде ERTIS REGION қоғамдық қорының атқарушы директоры Абдураимов Алиби Батыржанович, “Семей қаласының жастар ресурстық орталығы” директоры Талғатов Қанат Жанарбекұлы және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Амангелдінова Аружан Ермекқызы сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.

Кездесу аясында реформалардың негізгі бағыттары, демократиялық даму, әлеуметтік әділеттілік және құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы кеңінен қарастырылды.

Іс-шара жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың саяси сауаттылығын дамытуға және қоғамдағы маңызды үдерістерге белсенді қатысуына ықпал етті.