
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппарат кеңесі өтті. Жиында өңірдегі жастар саясатын іске асыру мәселелері де қаралды.
Күн тәртібі бойынша Жастар саясаты мәселелерi жөніндегі басқарма басшысы Олжас Бейсенбаев баяндама жасады.
Жастар саясатын іске асыруда бірқатар жетістік бар. NEET санатындағы жастар үлесі 2,1%-дан 1,9%-ға дейін төмендеді. “Абай жастары” жеңілдетілген ипотекасы қайта іске қосылып, алғашқы 30 қатысушы іріктелді. Облыста 10698 жас жұмысқа орналастырылып, “Жастар практикасы” жоспары 103,6%-ға орындалды. Биыл да 705 квота бөлінеді.«Бастау Бизнес», кәсіби оқыту, гранттық қаржыландыру тетіктері арқылы жүздеген жасқа қолдау көрсетілді. Былтыр «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 103 несие беріліп, 315 жасқа көтерме жәрдемақы төленді. 2026 жылы жас мамандарға 93 кредит бөлінгелі отыр.
Жастарға арналған бағдарламаларды түсіндіру мақсатында 3000 дана буклет пен 1000 дана флаер қала-аудан, жатақхана, жастар жиналатын жерде таратылды.
Баяндама барысында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу, әскери-патриоттық тәрбиені күшейту, жастар миграциясы мәселесі көтерілді.
2026 жылы осы бағытта “Заң мен тәртіп”, “Адал азамат - озық ойлы ұлт”, салауатты өмір салты, әскери-патриоттық тәрбие, халықаралық еріктілер жылы аясында 100-ге жуық көлемді шара ұйымдастырылады.
2026 жылы ҚР МАМ жоспарына енген ірі 3 шара бар. «Серпін» бағдарламасы жастарының форумы, «Абай QUIZ» республикалық интеллектуалды сайысы, «ERTIS» Volunteer Forum – 2026» халықаралық еріктілер форумы.
2026 жылы Абай облысы әкімінің «Жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы аясындағы номинацияны 10-ға дейін көбейту жоспарланған. Алдағы уақытта жастар саласын кешенді дамыту бойынша бірлескен бағдарлама дайындау көзделген.
16.02.2026