Күн тәртібінде – конституциялық реформа

Күн тәртібінде – конституциялық реформа

Әлихан Бөкейхан Университетінде еліміздегі конституциялық реформаларға арналған «Конституциялық реформа – 2026: Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті дамытудың мәселесі мен перспективалары» тақырыбында алқалы дөңгелек үстел өтті.

Күн тәртібінде конституциялық реформаның құқықтық мемлекетті нығайтудағы негізгі мәселесі мен тиімді тетіктері, жаңа Конституция жобасының нормалары қаралды.

Жиын барысында сарапшылар құқықтық мемлекетті дамытудағы жаңа бастамалардың өзектілігін атап өтті. Спикерлер конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге ықпал ететінін ерекше айтты. Шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

Дөңгелек үстел жұмысына жергілікті атқарушы органдар, облыстық сот пен прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, академиялық қауымдастық өкілдері, білім алушы студенттер мен магистранттар қатысты.

Іс-шара барысында Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы О.Бейсенбаев баяндама жасап, конституциялық реформаның жастар үшін мән-маңызына тоқталып өтті.

13.02.2026