
Абай облысында «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымының жабылу салтанатты рәсімі өтті. Аталған іс-шара барысында жазғы еңбек маусымы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, белсенділік танытқан жасақшылар мен үздік құрылымдар марапатталды.
Жиын барысында жастардың еңбекке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық құндылықтарды нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында іске асырылған бастамалар атап өтілді.
2025 жылғы еңбек маусымы аясында 13 жұмыс беруші арқылы 1 000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Жастар өңір аумағында абаттандыру, көгалдандыру, экологиялық тазалық жұмыстарына және әлеуметтік маңызы бар объектілерде еңбек етуге тартылды.
Еңбек маусымының қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Аталған іс-шара «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының қызметін одан әрі дамытуға, жастардың еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және экологиялық бағыттағы қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталды