
Республика күні қарсаңында «Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық Quiz зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараға Астана қаласынан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан келген 30 команда қатысып, жастардың білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған зияткерлік сайыста өзара бақ сынасты.
Іс-шараның ашылу салтанатында басқарма басшысы Олжас Бейсенбаев қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі.
Ойын қорытындысы бойынша Абай облысының «Квартет» және «Кірпі шешен» командаларының біріккен құрамы жеңімпаз атанып, 300 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді. II орын Астана қаласының «Кода» командасына (200 000 теңге), III орын Өскемен қаласының «Асыра сілтеу» командасына (100 000 теңге) бұйырды. Сондай-ақ «Үздік талпыныс» және «Үздік студенттік команда» номинациялары бойынша қатысушылар 50 000 теңгеден ынталандыру сыйақысымен марапатталды.
Аталған зияткерлік ойын жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталды.