«ERTIS ART» ашық аймақтық әуесқой студенттік театрлар фестивалі

«ERTIS ART» ашық аймақтық әуесқой студенттік театрлар фестивалі

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылып жатқан «Жастарға арналған креативті алаңдар ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «ERTIS ART» ашық аймақтық әуесқой студенттік театрлар фестивалі өтті.

Іс-шараға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттік театр ұжымдары қатысты. Фестивальдің негізгі мақсаты – студент жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, студенттік театр қозғалысын қолдау, мәдени өзара ықпалдастықты нығайту және жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.

Фестивальдің ашылуында Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев театр өнерінің тәрбиелік маңызын атап өтіп, жастардың шығармашылық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Фестивальге барлығы 300 жас қамтылды. Қазылар алқасының құрамына театр және мәдениет саласының кәсіби мамандары енгізілді.

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

  • Бас жүлде – М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес Аймақ» студенттік театры (200 000 тг)
  • II орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» жастар театры (150 000 тг)
  • III орын – Әлихан Бөкейхан университетінің «Үркер» өнер орталығы (100 000 тг)

Арнайы номинациялар:

  • Үздік режиссура – Азизов Ислам Фарухұлы, М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес Аймақ» студенттік театры, «Жәмилә» қойылымы (30 000 тг)
  • Үздік ер адам бейнесі – Ғизат Темірлан, Бизнес және сервис жоғары колледжі (30 000 тг)

Үздік әйел адам бейнесі – Ақтаева Анель, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (30 000 тг)