
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылған «Жастарға арналған креативті алаңдар ұйымдастыру» жобасы бойынша өткізілген «Quiz Keruen» зияткерлік ойындар легі аяқталды. Жоба шеңберінде 2025 жыл бойы Абай облысының барлық қала және аудандарында іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, нәтижесінде әр өңірден үздік командалар анықталды. Жыл қорытындысы бойынша барлық аудандардың жеңімпаз командалары финалдық ойынға қатысу үшін бір алаңда бас қосты.
Финалдық ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Квиз форматындағы зияткерлік ойындар жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Аталған жоба өңір жастарының креативті бастамаларын қолдау және жастар арасындағы зияткерлік белсенділікті арттыру мақсатында іске асырылды.