Семей қаласында «Жастар және Конституция: болашақ үшін бірге» тақырыбында пікірталас алаңы өтті

Семей қаласында «Жастар және Конституция: болашақ үшін бірге» тақырыбында пікірталас алаңы өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Семей қаласында жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдеріне арналған «Жастар және Конституция: болашақ үшін бірге» атты пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі рөлін кеңінен талқылау, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың қоғамдық-саяси процестерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.

Пікірталас алаңына «Жастар рухы», «Интеллектуалды жастар қауымдастығы», «Қазақстан медицина жастары» секілді жастар ұйымдарының көшбасшылары мен мүшелері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 20 адам.

Іс-шараның ашылу рәсімінде КММ «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуканов қатысушыларды құттықтап, кездесудің мақсаты мен форматын таныстырды.

Ал кіріспе сессияда Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Олжас Бейсенбаев Конституцияның маңызы және жастардың қоғамдық үдерістерге қатысуы жөнінде баяндама жасады.

Бағдарлама аясында панельдік пікірталас, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, жастар тарапынан ұсынылған бастамалар мен идеялар талқыланады. Іс-шара соңында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, қорытынды шешімдер қабылданды.