
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен 2025 жылғы 6 қазанда Алихан Бөкейхан университетінде студенттермен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының құрамына Абай облысы экономикалық тергеу департаментінің өкілдері кірді. Мамандар студенттермен лудомания және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға тәуелділікке ақпаратын қауіптер, олардың салдары және алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті әрі нақты жауаптар алды.