Өңірде мемлекеттік рәміздерге арналған байқау өз мәресіне жетті

Өңірде мемлекеттік рәміздерге арналған байқау өз мәресіне жетті

2025 жылғы 5 желтоқсанда Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «СОЦKZ» қоғамдық қоры «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты облыстық эсселер мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Байқауға облыстың әр өңірі мен қалаларынан 200-ден астам өтінім келіп түсті.

Номинация жеңімпаздары:

- «Әр жүректе патриотизм» – Қылышбек Нұржанар, Жарма ауданы;

- «Тәуелсіздіктің рәміздері – болашақтың негізі» – Жанымханова Балнұр, Мақаншы ауданы;

- «Жастар және ұлттық мақтаныш» – Кәденова Самал, Жарма ауданы;

- «Рәміздер – халық рухы» – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Абай ауданы;

- «Мемлекеттік рәміздер – жастар өмірінде» – Шәкәрім атындағы №5 гимназия, Семей қаласы;

- «Менің елім – мақтанышым» – Отан Жансая, Мақаншы ауданы.

Жеңімпаздар мазмұнды эсселері мен сапалы бейнероликтері арқылы өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін және мемлекеттік рәміздерге деген құрметін жоғары деңгейде көрсете білді.