Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс күнімен құттықтады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Алғыс күні құтты болсын! Бұл халқымыздың бірлігін нығайтуға ықпал ететін маңызды мереке. Бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсету арқылы біз достық, келісім мен ынтымақ сияқты негізгі құндылықтарды насихаттаймыз. Осының барлығы ұлтымыздың топтасуына септігін тигізеді.

Мейірімділік, жанашырлық, көмекке дайын болу – халқымызға ежелден бері келе жатқан бұл қасиеттер, әсіресе, сынақ кезінде айқын көрінеді.

Бүгінде біз Әділ Қазақстан құру жолымен нық қадам басып, ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев осынау тағдыршешті кезеңде ел мүддесін бәрінен жоғары қоя отырып, біз үшін ұлттық бірлікті сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

«Біз озық ел ретінде алға қойған биік мақсаттардың барлығына жететінімізге сенімдімін. Тынымсыз еңбегімен Қазақстанның ілгері дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын», - деп түйіндеді сөзін.