ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов іс-сапарымен Жаңғызтөбе кентінде болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов іс-сапарымен Жаңғызтөбе кентінде болды.
Мәжіліс депутаты ауылдарды дамытуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып,  Жаңғызтөбе ауылында спорт модулінің салынуына қаражат бөлінгендігін айтып өтті. Сонымен қатар өңірлерде жалға берілген баспаналарды жекешелендіру туралы да еліміздің заңындағы өзгерістер жайын жан-жақты түсіндірді.


Жаңғызтөбе кентінде жол, жарықтандыру, көпір салу мәселелері көтерілді.

Нұртай Саблильянов әр сұраққа жеке тоқтала отырып, заң аясында жауап берді.