"Зорлық- зомбылықсыз 16 күн” атты Республикалық акциясы

"Зорлық- зомбылықсыз 16 күн” атты Республикалық акциясы

“Зорлық- зомбылықсыз 16 күн” атты Республикалық акциясының өту барысы туралы отырыс өткізілді.

25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында  «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Осыған орай, «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аудан көлемінде де  өткізілуде. Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі - қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.

Акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық - зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру.