Мәдениет және спорт саласы: Округте кітапхана, бір клуб қызмет көрсетеді. Кітапхана қоры 17460 дананы құрайды, үнемі жана кітаптармен толықтырылып, мерзімді басылымдармен қамтылады.Оқырмандар саны- 210 адамды құрайды.
Клуб үйінде жыл бойы жоспарға сәйкес әр-түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар аудан көлемінде ұйымдастырылып отырған іс-шараларға ауыл тұрғындары белсене қатысады. Биылғы жылы «Айналайын» жасөспірімдер арасындағы байқауына Мейрамхан Аяжан қатысса, «Шабыт» ән байқауына Садуова Сания қатысып екінші турына өтті.Наурыз тұжырымдамасына сәйкес 10 күндік іс-шараға белсене қатыстық. Аналар мерекесіне орай көгілдір от кеші ұйымдастырылды. Бірінші мамыр халқаралық халықтар бірлігі күніне татар ұлтының өкілі М.Аликеевпен кездесу өтті. Медғат Тұрсынұлы Қазақ елін мерекемен құттықтап ән-шашуын жолдады.
9-Мамыр: ҰОС қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішке қүрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұрпақтары ардагерлер рухына арналған ас берді. Іс-шара соны ұрпақтар атынан 30 шақырымды құрайтын бәйгеге ұласты.