Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында аудан аумағында тұратын тыл ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Прездиентінің арнайы медальдары табысталды. Шараға жергілікті атқару органдары, аудандық ақсақалдар төрағасы, Ауған ардагерлері мен қорғаныс істері бөлімінің бастығы ардагерлердің хал-жағдайы мен тұрмыстық-әлеуметтік ахуалдарына назар аударып, әңгімелесу жүргізді. Өз кезегінде тыл ардагерлері соғыс жылдарындағы көрген қиындықтарымен еңбек еткен жылдарын еске алып, өскелең ұрпаққа ақ батасын берді.