"Батыр рухына тағзым"!

"Батыр рухына тағзым"!

Ұлы Жеңіс күніне орай, Қапай батыр ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының батыры Қапай Ысқақовтың құрметіне өз ауылында ескерткіш тақта ашылды. Шараға аудан ақсақалдары, Ауған ардагерлері мен жергілікті атқару органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Батырдың рухына тағзым етіліп, салтанатты гүл шоқтары қойылып, оқушылар патриоттық әндер орындап, өнерлерін ортаға салды.