
1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн Қазақстан халқы үшін ерекше күн, сол себепті бұл күнді атап өту өте маңызды. Осы мерекеге байланысты 1-мамыр күні Қалбатау ауылы, орталық мәдениет үйінде ерекше мерекелік фестиваль өтті. Аталған фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Достық үйінің 10 жылдығына арналды. Мектептер мен балабақша ұжымдары түрлі ұлттардың әнін шырқап, билерін билеп, салт-дәстүрлерін көрермен назарына ұсынып, көпшілікке ұлт пен ұлыстың жарастығын көрсетті.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болсын!