Қапай батыр ауылындағы сенбілік жұмыстар

Қапай батыр ауылындағы сенбілік жұмыстар

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Нұрлан Борсықбаевтың қатысуымен Қапай батыр ауылында сенбілік жұмыстары өтті. Іс-шара барысында ауыл ішіндегі көшелер тазартылып, 15 куб метрге жуық қоқыс шығарылды. 

Сенбіліктің мақсаты - экологиялық тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу және елді мекендерді көркейтіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.