Қазіргі адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат – Чернобыль атом электр станциясындағы апатына 39 жыл болды. Бұл оқиға 1986 жылы 26 сәуірде болды.
Осыған орай Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Даңқ аллеясында, Чернобыль апатының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті. Еске алу шарасында аудан әкімінің орынбасары С.Сатпеков сөз сөйлеп, сол қиын сәтте ерлік пен батылдық танытқан азаматтарға алғысын білдіріп, апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бүгінгі таңда Жарма ауданында Чернобыль апатына қатысқан 25 ардагер тұрады.