Әрбір тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында "Жайдарман-2025" ойыны өткізілді. Бұл сайысқа әртүрлі округтерден құралған командалар қатысып, бақ сынасты. Сайыста қатысушылар түрлі тақырыптар аясында әзілдерін ұсынып, көрермендер мен қазылар алқасы көңілінен шыға білді. Ойынның қорытындысы бойынша, Жайдарман кубогінің иегері болып Қалбатау ауылындағы Георгиевка орта мектебінің "ГСШ Үш әріп" құрама командасы бас жүлдені жеңіп алды. І-орынды Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясының "Абай GERLS" командасы, ІІ-орынды Жаңғызтөбе округі Шуақ ауылынан келген "JASSTARS" құрама командасы, ІІІ-орынды Шар қаласы "Абай KZ" және Ақжал ауылдық округі "Екі езу" құрама командалары иеленді. Команда жетекшілеріне алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.