Қалбатауда Төлеуғали Әбдібековты еске алуға арналған облыстық сайыс басталды.
Қалбатау ауылындағы Даңқ аллеясында Халық қаһарманы Төлеуғали Әбдібековті еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан ардагерлер арасындағы І-ашық облыстық сайыстың ащылу салтанаты өтті.
Ашылу рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Мейірхан Оспанбаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай шаралардың елдік рухты көтерудегі маңызын атап өтті.
Ардагерлеріміздің батырлық жолын дәріптейтін бұл жарыс - ұрпақтар сабақтастығы мен патриоттық тәрбиенің айқын көрінісі.