Мерекелік шара кент орталығындағы алаңда ұйымдастырылып, тұрғындардың көңілді әрі рухани серпіліс алуына жағдай жасалды.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Алмас Тәнібекұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды айтулы мейраммен құттықтады. Өз сөзінде әкім бірлік пен ынтымақ – еліміздің басты құндылығы екенін атап өтіп, көпұлтты қоғамымыздағы достық пен түсіністіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мереке аясында әр ұлт өкілдері өз мәдениетін, салт-дәстүрін паш етіп, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Қонақтар мен тұрғындар әзірленген көрмелер мен дәмханалардан ерекше әсер алды.
Шара барысында көркемөнерпаздардың концерті, ұлттық билер мен әндер ұйымдастырылды. Кенттің тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүрген мекеме ұжымдары мен қоғамдық ұйымдар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік күн Шүлбі кентінің тұрғындары үшін жарқын көңіл-күй мен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.