Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Мұқыр ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жаңа тұрғын үйлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл – әлеуметтік қолдаудың нақты көрінісі әрі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың жарқын мысалы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс жағдайын жақсарту – басты міндеттердің бірі. Бүгін табысталған баспаналар – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жемісі. Жаңа қоныс құтты болсын! – деді Алмас Тәнібекұлы.
Жаңа баспанаға ие болған отбасылар қуаныштарын жасыра алмай, шынайы алғыстарын жеткізді. Олар үшін бұл – тек баспана ғана емес, жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.
Аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.