Сапар барысында ауыл тұрғындарымен кездесіп, округтің қазіргі жағдайы, даму бағыттары және алдағы атқарылатын жұмыстар жайында пікір алмастық. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алдым.
Кездесу барысында Семей – Талица бағытындағы жолдың сапасы, қалаға қатынайтын қоғамдық көлік (автобус) мәселесі, балаларға арналған ойын алаңдарының жетіспеушілігі, сондай-ақ амбулатория жұмысының тиімділігі мен қолжетімділігі секілді маңызды мәселелер көтерілді. Бұл сұрақтардың барлығы күн тәртібінде тұр және оларды кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті мекемелермен бірлесе жұмыс жүргізілетін болады.