Жиенәлі ауылдық округінің халқымен кездесу өткіздім.

Жиенәлі ауылдық округінің халқымен кездесу өткіздім.

Кездесу барысында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына кеңінен тоқталып, ауылдық округтің қордаланып қалған өзекті мәселелерін көтердік.

Атап айтқанда, мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығы, ауылдық аурухана ғимаратының ескіруі және тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бұл мәселелер тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететіндіктен, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыру қажет екенін атап өттім.

Кездесуде ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін білдіріп, ашық пікір алмасу өтті.

Алдағы уақытта бұл көтерілген мәселелер тиісті мекемелерге жеткізіліп, нақты жұмыстар жүргізілетін болады.