Көктемгі-жазғы өрт қауіпті маусымының басталуына байланысты Жаңасемей ауданына қарасты ауылдық округтер мен кенттерде өрттің алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар қарқынды түрде жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында арнайы жер жыртатын техникалар тартылып, елді мекендер маңындағы құрғақ шөптер мен орман алқаптарына жақын аумақтарда минералдандырылған жолақтар жыртылуда. Бұл шаралар өрттің таралу қаупін азайту мақсатында қолға алынуда.
Қазіргі таңда ауданымыздың бірнеше елді мекендерінде жер жырту жұмыстары басталып кетті.
Алдағы уақытта да өрт қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын табатын болады. Өрттің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырамыз.