Жаңасемей ауданында жаппай сенбілік өтті

Жаңасемей ауданында жаппай сенбілік өтті

Ауданымызға қарасты Приречный ауылында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, оған аудан әкімдігінің қызметкерлері белсене қатысты. Сенбілік барысында ауылдың ішкі көшелері, қоғамдық орындар және тұрғындар көп шоғырланатын аймақтар тазартылып, өзен жағалаулары мен жасыл аймақтардағы қоқыстар жиналды.

Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға шақыратын үндеулер айтып, ауыл тұрғындарын белсенді атсалысуға үндеді. Сенбілік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді және ол өз жалғасын табатын болады.

Аталған шара тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосты. Алдағы уақытта мұндай игі бастамалар Приречный ауылымен қатар, басқа да елді мекендерде жалғасын табады деп жоспарлануда.