«Ұлттық кітап күні» мерекесі

«Ұлттық кітап күні» мерекесі

Мұқыр ауылында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық аясында «Кітапхана түні» атты ерекше акция өтті. Апталықтың үшінші күнінде өткізілген бұл іс-шара жергілікті тұрғындар мен кітапсүйер қауымға тың серпін берді.

«Кітапхана түні» акциясының мақсаты – кітапхананың тек кітап алуға арналған орын ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін мәдени, ақпараттық және коммуникативтік орталық екенін кеңінен таныту.

Іс-шара бағдарламасында:

Жаңа кітаптарға шолу жасалып, оқырмандар заманауи әдебиеттермен танысты;

«Аялдама» ойыны арқылы қатысушылар кітап тақырыптары төңірегінде ой бөлісті;

Кофе-брейк ұйымдастырылып, бейресми ортада жылы сұхбат құрылды;

«Сұрақ менен, жауап сізден» айдары аясында оқырмандар білімдерін сынап көрді;

«Еркін микрофон» бөлімінде тұрғындар өз ой-пікірлерін, әсерлерін ашық білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, ауыл тұрғындары, әкімшілік өкілдері мен клуб ұжымы белсене қатысып, кештің мазмұнды өтуіне үлес қосты.

Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени өмірдің дамуына оң әсер етуде.