Жаңасемей ауданына қарасты Шүлбі кентінде әскери-патриоттық бағыттағы маңызды іс-шара – «Айбын-2025» жастар жиынының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Бұл жиын Абай облысының Қорғаныс істері департаменті мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, Шекара қызметі ардагерлері мен ардагерлер кеңесінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен білім саласы өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Шара аясында әскери бөлімдердің көрмелері мен сарбаздардың шеберлік көрсетілімдері өтті.
Жиын барысында қатысушылар арасында әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық бағыттарда түрлі байқаулар өткізілді. Робототехника, пневматикалық мылтықтан ату, қару жинау, әскери-қолданбалы спорт түрлері, арқан тарту және эстафета секілді сайыстарда командалар өз шеберліктерін көрсетті.
Жалпы командалық есеп бойынша:
• Бас жүлде – Ақсуат ауданының командасы;
• І орын – Семей қаласының командасы;
• ІІ орын – Аягөз ауданының командасы;
• ІІІ орын – Жаңасемей ауданының командасы.
Жеке есепте үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ең жоғары ұпай жинаған командалар халықаралық кезеңге жолдама алды.
Ауданымыздың намысын қорғап, жеңіспен оралған жас сарбаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Патриоттық рух пен отанға деген сүйіспеншілік – нағыз елжандылықтың белгісі. Алдағы жарыстарда да сәттілік тілеймін!