Ертіс ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Ертіс ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Тұрсынханов Азамат Дәуренұлы 2025 жылғы 13 сәуірде өткен Ертіс ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысып, дауыс беруге келген 1071 сайлаушының 858-інің немесе 83,6 пайызының дауысын жинады. Сайлау нәтижесі бойынша Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес, Ертіс ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Жаңа әкімді халыққа аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Асанұлы арнайы барып таныстырды.