Алғабас ауылында орналасқан Быхин атындағы орта білім беретін мектептің жұмысымен облыс әкімі арнайы іссапар аясында барып танысты.

Алғабас ауылында орналасқан Быхин атындағы орта білім беретін мектептің жұмысымен облыс әкімі арнайы іссапар аясында барып танысты.

Аталған білім ошағы 1989 жылы салынған. Содан бері мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтпеген.

Әсіресе, жылу қазандығының тозығы жетіп, қазіргі таңда оқу үдерісіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту, қауіпсіз және қолайлы оқу жағдайларын жасау қажеттігі туындап отырғаны әкім назарына ұсынылды.

Іссапар барысында облыс әкімі бұл мәселелерді назарға алып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.