Абай облысының Жанасемей ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция өтті

Абай облысының Жанасемей ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция өтті

⚡️Абай облысының Жанасемей ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция өтті

31 наурыз күні Күшікбай бұлағында ұйымдастырылған «Бұлақ көрсең, көзін аш» шарасына 50-ден астам адам қатысып, бұлақ маңын қоқыстан тазартты.

Шараның мақсаты – табиғи экожүйені қалпына келтіру және экологиялық мәдениетті арттыру. Еріктілер, студенттер мен жергілікті тұрғындар бұлақ көзін ашып, судың ластануын алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🗣️Жастар өкілі Ерсінбек Өрлеубек табиғатты қорғаудың маңызын атап өтіп, экологиялық жауапкершілікті арттыру қажеттігін айтты. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай шаралар қоршаған ортаға қамқорлық танытудың тиімді жолы.

✔️Абай облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бастамаларды белсенді қолдап, тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.