Жаңасемей ауданы әкімі «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Жаңасемей ауданы әкімі «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Жаңасемей ауданы әкімі «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Алмас Тәнібекұлы «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, әлеуметтік көмек, инфрақұрылым, жол жөндеу, білім беру және медициналық қызметтерге қатысты мәселелерді көтерді.

Қоғамдық қабылдау барысында аудан әкімі әр тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, жауапты бөлім басшыларымен бірге қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапса, күрделі сұрақтар бойынша қосымша зерттеулер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

Алмас Тәнібекұлы тұрғындардың көтерген барлық мәселелері өз бақылауында болатынын атап өтті.
Сондай-ақ, оларды заң аясында шешу үшін қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.