Қайырымдылық күні

Қайырымдылық күні

Қайырымдылық күні

Жаңасемей ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Ауылдың кітапхана және мәдениет қызметкерлері ауыл қарияларына арнайы барып, көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетті. Олар ардагерлер мен қарттардың хал-жағдайын сұрап, қажетті заттарын жеткізіп, жылы лебіздері мен құрметтерін білдірді.

Қариялар өз кезегінде алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Бұл игі шара ауыл тұрғындарына мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болды. Қайырымдылық – адамгершіліктің ең асыл қасиеттерінің бірі. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы сыйластық пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.