«Киелі мекен» апталығы Мұқыр ауылында

«Киелі мекен» апталығы Мұқыр ауылында

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Ертіс ауылдық округінің әкімшілік, кітапхана, клуб қызметкерлері және Мұқыр ауылының тұрғындары сенбілікке шықты.
Орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке және спорт алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ауыл халқының береке-бірлігімен абаттандыру және сенбілік жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып келеді.